Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 және «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық акт «Құқықтық актілер туралы» Заңның 50-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес қабылданады.

Әскери қызмет өткеру мәселелерін регламенттейтін қорғаныс ведомствосы басшысының нормативтік бұйрықтарының құқықтық мониторингінің нәтижелері бойынша қорғаныс ведомствосы ұсыныстар әзірледі. Олар офицерлер құрамы лауазымдарының жасақталу деңгейін арттыруға, осы лауазымдарға төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін тағайындауды жүзеге асыру кезінде офицерлердің базалық курстарынан өтуге байланысты бюрократиялық рәсімдерді барынша азайтуға, бюджетке түсетін жүктемені азайтуға және Қазақстанның әскери оқу орындарында оқыту жүргізілмейтін қазіргі заман талабына сай, тапшы мамандықтарға әскери қызметке тартуға бағытталған. 

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 14 наурызына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14957759 сілтеме бойынша танысуға болады.