
«Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туарлы» ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №455 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Бұйрықты қабылдаудың мақсаты онда қолданылатын ұйғарымдарды 2019 жылғы 8 ақпандағы № 222-VІ ҚРЗ ратификацияланған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға сәйкес келтіру болып табылады.
Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі шеңберінде әзірленген. Оны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға келеңсіздік әкеп соқпайды.
Толық мәтінмен «Электрондық үкімет» порталындағы «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады.