Қазақстан мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз етуге өзгертулер енгізіледі

Қазақстан мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз етуге өзгертулер енгізіледі

ҚР Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 5 қыркүйектегі №699 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

Бұйрықтың жаңа редакциясында ұшуға дайындық кезеңінде медициналық қамтамасыз етуді авиациялық бөлімнің медициналық қызметінің бастығы жүзеге асырады. Ал парашютпен секіру күні кезекші дәрігер (медицина қызметкері) ұшу алдындағы медициналық тексеру көлемінде медициналық тексеру жүргізеді, авиация персоналының ұшу алдындағы жұмыс істеген, демалыс және тамақтану режимін сақтауын тексеруге қатысады. Әрбір секіру орындалғаннан кейін сыртқы тексеру, санитарлық-гигиеналық жай-күйі мен қорғаныс жабдықтарын сақтау шарттарына тексеру жүргізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.