Мемлекеттік авиацияның ұшуларын орнитологиялық қамтамасыз ету реті анықталды

Мемлекеттік авиацияның ұшуларын орнитологиялық қамтамасыз ету реті анықталды

ҚР Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 23 сәуірдегі №268 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметін туралы» ҚР 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабының 27) тармағын әске асыру асыру үшін әзірленді. 

Жаңа редакцияда авиацияны тиімді қолдану және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орнитологиялық жағдайды неғұрлым толық пайдалануға бағытталған мемлекеттік авиация ұшуларының орнитологиялық қамтамасыз ету тәртібі белгіленді.

Бұйрықтың жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді, тауар саудасына, қызмет көрсетулерге немесе зияткерлік меншік құқықтарға қатысты емес және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.

Жобаның толық мәтінімен «Электрондық үкімет» интернет-порталында «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады»: https://legalacts.egov.kz.