
ҚР Қорғаныс министірінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (қысыммен жұмыс істейтін жүк көтергіш тетіктерді, қазандықтар мен ыдыстарды) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 28 қаңтардағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді.
Нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер қысыммен жұмыс істейтін жүк көтергіш механизмдерді, қазандарды, ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды бақылау мақсатында ҚР ҚМ метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының атына әскери бөлімдердің қауіпті техникалық құрылғыларын ұстау және пайдалану туралы хабарламаларды жіберудің нақты мерзімдерін анықтайды.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.