Қару-жарақ пен әскери техниканы жаңартылған ережелер бойынша қабылдайтын болады

Қару-жарақ пен әскери техниканы жаңартылған ережелер бойынша қабылдайтын болады

Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 21 қаңтардағы №30 бұйрығына өзгертулер енгізілді.

Өзгерістер «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 22-бабы 2-тармағының 18) тармақшасын іске асыру үшін әзірленді.

Бұйрықтың жобасы бұрын қару-жарақ тізімінде болмаған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін (бұйымдарын, кешендерін), сондай-ақ жаңғыртылған үлгілерді Қазақстан Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қабылдау тәртібін айқындайды.

Жобаның толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады»: https://legalacts.egov.kz.