
ҚР Қорғаныс министрлігі «2030 жылға дейінгі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының әкімшілік деректерін жинау нысанын бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Құжат жобасымен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласында әкімшілік деректерді жинау нысаны бекітіледі. Сондай-ақ, бұл жобада Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурстарын одан әрі пайдалану үшін нысаналы индикатор бойынша есепті деректерді қалыптастыру мерзімдері мен кезеңділігі айқындалған.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 12 наурызына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14954289 сілтеме бойынша танысуға болады.