Мемлекеттік авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Мемлекеттік авиацияның ұшуын метеорологиялық  қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығын дайындады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Құжатқа метеорологиялық орталықтың қысқаруына және метеорологиялық қызметтің енгізілуіне байланысты редакциялық түзетулер енгізілді. 

Осыған байланысты бұйрық мәтінінде «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас командалық пунктінің метеорологиялық орталығы» атауы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері командалық пунктінің метеорологиялық қызметі» болып ауыстырылды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 4 наурызына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14944620 сілтеме бойынша танысуға болады.