
Қорғаныс министрлігі «Әскери-патриоттық тәрбиемен, оның ішінде әскери-спорттық іс-шаралар арқылы қамтылған жастар саны туралы мәліметтер» жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.
Құжат жобасымен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласында әкімшілік деректерді жинау нысаны бекітіледі. Онда Қорғаныс министрлігінің ақпараттық ресурстарына ұсыну кезінде одан әрі пайдалану үшін нысаналы индикатор бойынша есепті деректерді қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері айқындалған.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 1 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14943548 сілтеме бойынша танысуға болады.