Қарулы Күштерде оқу модульдер мен кейстерді сынақтан өткізуде

Қарулы Күштерде оқу модульдер мен кейстерді сынақтан өткізуде

Қарулы Күштерде әзірленген оқу модульдері мен ситуациялық кейстерді қолдана отырып онлайн-сабақ өткізді. Осындай оқытудың форматы «Астана» өңірлік қолбасшылығында сынақтан өтті.

Әскер қолбасшысы полковник Мереке Кучекбаев қолбасшы басқармасының және әскери бөлімдердің офицерлерімен әскери қызметшілердің құнды бағдарларының негіздеріне арналған модуль бойынша сабақ өткізді.

Сабақ жеке құрамның денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантиндік шараларды сақтаумен өткізілді.

Оқу модульдері - бұл Қазақстан әскерінің жеке құрамын оқытудағы жаңа бағыт. Олар дәріс, презентация және практикалық сабақтар түрінде ұсынылған.  Сонымен қатар әскери қызметшілердің үш санатына, яғни офицерлер құрамына, келісімшарттық және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге арналған. Әскери қызметтің қауіпсіздігі, қаржылық сауаттылық, әскери қызметшілердің әдебі, көшбасшылық бойынша, сондай-ақ әскер түрлері мен тектерінің ерекшеліктерін ескере отырып оқу модульдері жеке көзделген.

Оқу модульдеріне іс жүзінде орын алған қандай да бір жағдайлар және себеп-салдарлық байланыстар қарастырылатын иллюстрацияланған іс-әрекеттер түріндегі ахуалдық кейстер қоса беріледі. Әрбір кейсте әскери қызметшілердің ойлауын дамытуға бағытталған бөлім бар.

Оқу модульдері мен кейстер жеке және топтық жұмыс үшін қолайлы болып келеді. Олар барлық аспектілер бойынша сауаттылықтың жалпы деңгейін арттыруға, логикалық және сыни ойлауды, басқару дағдыларын дамытуға бағытталған.

Кейіннен тиісті оқу бағдарламасымен оқуға өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының орынбасарлары мен әскери бөлімдердің командирлері тартылуы мүмкін.