
Мерей Иманғали Аягөз қаласының маңынан табылды. Қатты боранның салдарынан адасып кеткен.
Кейіннен қарлы боран басылғанда шамдарды байқап, ауылға қарай беттейді, сол сәтте іздеушілер де алдынан шыққан екен.
– Ең бастысы, бәрі жақсы аяқталды. Рухы берік, қиын жағдайдан шығудың жолын іздеуді жалғастырған сегіз жасар оқушының төзімділігіне құрмет көрсету керек, – деп атап өтті 10810 бөлімі командирінің тыл жөніндегі орынбасары майор Нұрбол Нұрқанов.
Полициядан, ТЖ қызметінен, еріктілерден және сын сағатта бей-жай қарамайтын азаматтардан өзге баланы іздеуге Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің 10 әскери қызметшісі және жол талғамайтын арнайы техника жұмылдырылды.