Армиялықтар халықаралық турнирде "күміс" пен "қола" олжалады

Армиялықтар халықаралық турнирде "күміс" пен "қола" олжалады

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Фуджайра қаласында таэквондодан Fujairah Open G2 халықаралық турнирі аяқталды. 

Жарыста 30 елдің 600-ден аса спортшысы бағын сынады. Қазақстандық таэквондистер төрт жас санатында жеңіске жету үшін сынға түсті.

Ақтық жекпе-жекте ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Жансель Дениз марокколық спортшыға есе жіберіп, екінші орынға ие болды. Турнир қорытындысы бойынша енді бір армиялық спортшы Бексұлтан Мұсахан қола жүлде еншіледі.