
Қорғаныс министрлігіндегі кезекті аппараттық кеңес өтті. Шарада Қазақстан армиясының тыныс-тіршілігінің бірқатар мәселелері талқыланды.
Вирустың таралу қаупі сақталып отырғандықтан, әскери қызметшілер өңдеудің екінші кезеңін мамырдың соңғы онкүндігінде бастады. Санитарлық өңдеудің жиынтық отрядтарымен тәулігіне жалпы ауданы 465 мың шаршы метрден асатын объектілер зарарсыздандырылады. Объектілердің тізімі жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша қалыптастырылады.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы кезекті рет командирлерге әскери нысандарды күзету мен оның қауіпсіздігі аса маңызды міндет екенін еске салды.
Ішкі тексеру комиссияларының әскери объектілер жарақтандырылған техникалық күзет құралдарын бақылауды қамтамасыз ету туралы нұсқау берілді. Бұл әрқашан өзекті болып табылады. Жақында батыс өңірдің әскери бөлімдерінің бірінде әскери қызметшілермен заңсыз түсірілім жасаған ұшқышсыз ұшу аппараты зарарсыздандырылды.
Қорғаныс министрі қауіпсіздік мәселелері контекстінде бірінші кезекте оқ-дәрілерді, жанар-жағармай материалдарын, материалдық қорларды сақтау базалары мен қоймалары сияқты жарылысқа және өрт қауіпті объектілерге ерекше назар аудара отырып, әскери бөлімдер мен мекемелердің өртке қарсы қорғанысының жай-күйіне кезекті тексеру жүргізу аса маңызды екенін атап өтті. Өрт қаупі ел аумағының басым бөлігінде, әсіресе оңтүстік өңірлерде температураның артуына байланысты өсуде.
Арыс қаласында ТЖ салдарын жою бойынша жиынтық жасақтың жұмысы жалғасуда.
Қауіпсіздік мәселесі қазіргі уақытта жаппай тазалау жұмытары жүргізіліп жатқан оқу полигондарына да қатысты. Полигондар жарылу қаупі бар заттардан толық тазартылса, инженерлік бөлімшелер бөгде адамдардың, техника мен жануарлардың кіруін болдырмау үшін траншеяларды, бақылау мұнаралары мен периметрі бойынша қоршауларды жабдықтауға кіріседі.
Жеке құрамның денсаулығын сақтау басым міндеттердің бірі болып қалады. Қорғаныс министрі карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты бұрын енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға, жеке құрамға әлеуметтік қашықтықты сақтау және қол алысуды болдырмау қажеттілігін жеткізуге нұсқау берді. Міндеттерді қоюды ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, байланыс арқылы жүзеге асыру, құжат айналымы – бірыңғай электрондық жүйе бойынша, техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда міндетті түрде қағаз тасығыштарда құжаттарды беру үшін медициналық қолғаптарды пайдалану.
Жауынгерлік кезекшілікке және тәуліктік нарядқа түсушілерді қоспағанда, жеке құрамды сапқа тұрғызуға тыйым салынады. Бұл ретте бір жарым метр қашықтықты сақтау ұйғарылған. Әскери қызметшілер мен қызметшілердің жұмыс орындарында болуын барынша шектеу, орындалатын міндеттердің ерекшелігіне байланысты қашықтағы жұмыс режиміне ауыстыру. Жалпы қауіпсіздік мақсатында әскери қызметшілерге барлық отбасылық және басқа да мерекелерді алып тастау ұсынылады.
Қарулы Күштер коронавирусқа өз бетінше тест жүргізе алатын ПТР-зертхананы құруы маңызды қадамның бірі болды. Қорғаныс ведомствосының басшысы атап өткендей, жұқтыру мүмкіндігін ерте анықтау үшін жеке құрамды диагностикамен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету қажет.
Бас әскери-медициналық басқармаға әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін коронавирусқа тестілеуді қоса алғанда, ПТР-талдаулардың көлемін арттыруға нұсқау берілді.
Кеңес барысында әскерлердің жауынгерлік дайындығы да талқыланды. Жазғы кезеңде әскерлерде дәстүрлі түрде далалық жағдайда практикалық сабақтар жандандырылады. Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ескере отырып, десанттық-шабуылдаушы әскерлерде парашютпен секіру басталды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бөлімшелері командалық-штабтық оқу-жаттығуларға дайындалуда. Бұған дейін төтенше жағдай режимі жағдайында кейінге қалдырылған Құрлық әскерлерінің әскери мамандарын даярлау, ақырындап қайта басталады.
«Сарышаған» полигонында Су-25 майдан авиациясы ұшақтарының жауынгерлік оқ атуы өтеді. Жойғыш экипаждары «ауа-ауа» сыныпты зымырандарды практикалық іске қосуды қолдана отырып, штаттық қару-жарақтан берілген оқу мақсаттарын жеңілуді пысықтайды.
Сонымен қатар, әскери-теңіз күштерінде «Теңіз кубогы» халықаралық теңіз жаттықтыру конкурсына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Жарыс армия халықаралық ойындары бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
Әскери жоғары оқу орындары мен Кадет корпусының бітіруші курс курсанттары үшін маңызды кезең келеді. Мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, болашақ офицерлер көптен күткен алғашқы әскери атақтарға ие болады. Түлектер заттай үлестің барлық нормаларымен қамтамасыз етіледі. Алғаш рет оқу озаттарына болашақ қызмет орнын таңдауға мүмкіндік беріледі. Шығарылымдар карантиндік шараларды ескере отырып жоспарланады, бұл ретте әскери оқу орындарының аумағына туыстары мен жақындарының кіруіне тыйым салынады.
Бұл күндері Елордада Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілерін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеудегі әскери шеруге белсенді дайындығы жүріп жатыр. Ресей тарапының шақыруы бойынша Қызыл алаңдағы салтанатты маршта Қазақстанның Қарулы Күштері бір салтанатты есепті ұсынады. Парадқа қатысушылардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Олар қалған жеке құрамнан оқшауландырылған, күніне екі рет медициналық тексеруден өтеді және оларды орналастыру орындары екі рет дезинфекцияланады. Ресейге ұшар алдында әскери қызметшілер коронавирусқа ПТР-тестілеуден өтеді.
Аппараттық кеңес ерекше нотамен аяқталды. Бұған дейін Ұлы Отан соғысы даласында қаза тапқан тағы бір қазақстандық жауынгер туралы белгілі болды. Мәйіттерді Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы жүгінген іздестіру ұйымы тапты. Әскери басшылықпен сүйектерді тасымалдауды ұйымдастыру және оларды әскери рәсімдерді сақтай отырып, туыстарына беру бойынша тиісті нұсқаулар берілді.