Армия спортшысы Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Армия спортшысы Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Әзербайжанның астанасы Бакуде кәсіби бокс кеші өтіп, онда ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Ангелина Лукас жеңіске жетті. 

Жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жекте Ангелина Лукас пәкістандық Рома Юсафты мерзімінен бұрын жеңіп, бос тұрған WIBA белбеуін жеңіп алды. Сегіз раундтық жекпе-жек осылайша Лукастың жеңісімен бірінші раундта-ақ аяқталды.

Нәтижесінде Ангелина Лукас кәсіби рингте алтыншы мәрте жеңіске жетті. Ал Рома Юсуф өзінің мансаптық жолында алғаш рет жеңілді. 

– Қазақстан! Сіздер қазір жаңалық пен видео күтіп, ояу отырғандарыңызды білемін! Сіздерді қатты жақсы көремін және қуанышты жаңалығыммен бөліскім келеді. Мен бүгін ұттым! Мен екінші рет әлем чемпионы атағын алдым. Ендігі мақсатым – абсолютті чемпион болу! Алға Қазақстан! – деп жазды Ангелина Лукас Instagram-да.

Бұған дейін спортшы А. Лукас WBC International және UBO чемпиондық белдіктерін жеңіп алған болатын.