Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрық жобасын әзірледі.

Қорғаныс ведомствосының Экономика және қаржы департаменті әскери бөлімдер мен мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметі бойынша ішкі басқару құжаттарының тиімділігіне тұрақты негізде талдау жүргізіп отырады.

Нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында НҚА жобасы дайындалды. Онда «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 745 және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 6 қыркүйектегі №  616 бұйрықтарына өзгерістер енгізу ұсынылады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 13 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14914122