
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қаржы және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 399 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрық жобасын дайындады.
Бұйрық «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-8) тармақшасына сәйкес әзірленді. Онда Қарулы күштердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және тауарларды сатып алуды уақтылы және сапалы жоспарлауды қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалар нақтыланды.
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 24-бабы 3-тармағына сәйкес бұйрықтың жаңа редакциясында ҚР Қарулы күштерінде қаржы және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларына қосымшаның нысандары заңнамаға сәйкес келтірілген.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 13 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14912982