
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілеріне сыныптық біліктікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы
2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрық жобасын дайындады.
ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларының 6-тармағы 1) тармақшасына және 7-тармағына «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің атауынан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы» деген сөз тіркесін алып тастауға байланысты өзгерістер енгізіледі.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 13 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14914135