
ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілері Алматы қаласындағы № 40 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына Ерлік сабағын өткізді.
Офицерлер мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасындағы бітімгерлік қызметтің тарихы, еліміздің бейбітшілікті қолдау жөніндегі жаһандық проблемаларды шешуге қосқан үлесі туралы айтты.
Орталықтың бітімгерлік дайындық басқармасының оқытушысы аға лейтенант Карина Юн оқушыларға Біріккен Ұлттар Ұйымының шетелдегі миссияларына қатысатын қазақстандық бітімгерлерді қайда және қалай дайындайтыны туралы толық ақпарат берді.
Бітімгер офицер капитан Фархат Ақбалиевтің Ливандағы миссияның ерекшеліктері туралы әңгімесін оқушылар қызыға тыңдады. Офицер Ливанда қазақстандық контингенттің командирі ретінде екі рет болғанын айта кету керек.
– Жоғары сынып оқушылары үшін бітімгер тақырыбы қызықты болды. Балалар бізді сұраққа көміп тастады, – дейді аға лейтенант Карина Юн. – Кім біледі, келешекте олардың арасынан да бітімгер шығып қалар...
Әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен мұндай кездесулер дәстүрге айналғанын атап өткен жөн. Осындай іс-шаралардың арқасында мектеп оқушылары армия туралы көбірек біледі. Кейбіреуінің өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруға ниеті оянады.