Қарулы күштердің әскери қызметшісі стендтік атудан Азия чемпионатында алтын олжалады

Қарулы күштердің әскери қызметшісі стендтік атудан Азия чемпионатында алтын олжалады

Орталық спорт клубының армия спортшылары стендтік атудан Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатына қатысуда.

Ересектер арасындағы "трап/микс" аралас жаттығуының ақтық сынында қатардағы жауынгер Әлішер Айсалбаев Мария Дмитриенкомен жұптасып өнер көрсетті. Тартысқа толы сайыста қазақстандық спортшылар 140 ұпай жинады. Екінші орынды 137 ұпаймен ирандық жұп, үшінші орынды 136 ұпай алған қытай спортшылары иеленді.

11-22 қаңтар аралығында Эль-Кувейт қаласында стендтік атудан лицензиялық Азия чемпионаты өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Оған Азия құрлығының 35 елінен 350-ден аса спортшы қатысуда.