Парламент депутаттары Жетісу облысының аумақтық қорғаныс жағдайын зерделеді

Парламент депутаттары Жетісу облысының аумақтық қорғаныс жағдайын зерделеді

Талдықорған қаласына жұмыс сапары аясында сенаторлар Ғалиасқар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов аумақтық қорғаныс бригадасының қызметімен танысты. 

Сенаторлар әскери бөлімше мен жұмылдыру дайындығы жөніндегі басқарманың материалдық жарақтандырылу жағдайын, әкімдіктің азаматтық және аумақтық қорғанысын қамтамасыз ету мәселелерін зерделеді.

Аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Бағлан Чегибаев және Жетісу облысы әкімінің қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі полковник Талғат Дәулетхановпен болған кездесуде азаматтарды мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша тартуға бағытталған іс-шараларды қамтитын аумақтық қорғанысты құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.

Одан бөлек аумақтық қорғанысты нығайту іс жүзінде жүзеге асатыны да атап өтілді. Бұл ретте жақында Жетісу облысында әскери қызметке жүзден аса адам қабылданбақ.