Бірқатар жылу беру нысандары газ бен электр энергиясына ауыстырылды

Бірқатар жылу беру нысандары газ бен электр энергиясына ауыстырылды

Қорғаныс министрлігінде жылыту маусымының қорытындылады. Кезекті жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін казармалық-тұрғын үй қорын және коммуналдық құрылыстарды келер жылға дайындау кезеңі басталады.

Әскерлерді пәтерге орналастыру бас басқармасының ақпараты бойынша жылыту маусымы уақытында 338 әскери қалашықта 8770 мекеме мен ғимарат қызмет етіп, сонымен қатар 194 қазандық жылумен қамтамасыз етеді. 135 қазандық қатты және пеш отынында, 29 газда, 30 электр және мазутта жұмыс істейді.

Биылғы жылы әскери қалашықтар мен әскери бөлімдерді жылумен қамтамасыз ететін қазандықтарды газдандыру көлемі артты. Осылайша, орталық газбен жабдықтауға Тараз және Ақтөбе қалаларында үш қазандық ауыстырылды.

Сонымен қатар, Приозерск және Семей қалаларындағы төрт қазандық орталық жылумен жабдықтауға, Семей және Аягөз қалаларындағы үш қазандық электр энергиясына ауыстырылды.

Жоғарыда көрсетілген шаралар экономикалық тиімділікті 120 млн. теңгеге қамтамасыз етті.

Жауапты құрылымдық бөлімшелер барлық коммуналдық объектілерде жылу беру маусымын апатсыз өткізуді қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін күн сайын тәулік бойы авариялық-жөндеу топтары мен коммуналдық қамтамасыз етуге жауап беретін мамандар кезекшілік етеді. Барлығы – 1800- ден астам адам.