
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 73 «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелері бойынша қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысының жобасын дайындады.
Өзгерістер «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 25-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес келтірілді. Сондай-ақ, қағидалардың нормаларын «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 1-бабының 66-3) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында «ұшқышсыз ұшу аппараттары» деген сөз тіркесі «ұшқышсыз әуе кемелері» деп ауыстырылды.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 29 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14855567 сілтеме бойынша танысуға болады.