
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындады.
Құжат «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 7 және 26-баптарына және «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасымен «Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 3 қарашадағы № 751, және ««Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы»» 2017 жылғы 1 тамыздағы № 403 бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 28 желтоқсанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14849948