
Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық актімен "Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 785 және "Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" № 786 бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі .
Түзетулер "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" ҚР Конституциялық заңының күшін жоюмен және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Президенттің 2022 жылғы 4 мамырдағы Жарлығына байланысты.
Өзгерістер Қарулы Күштердің әскери инфрақұрылымының тізбесіне кіретін гарнизондардың, аудандық пайдалану бөлімдерінің және Ұлттық қорғаныс университетінің атауларына қатысты болады.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде биылғы жылдың 13 желтоқсанына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14820699 сілтеме арқылы танысуға болады.