Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіледі

Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіледі

Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 493 қаулысына өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің әскери жиындарға шақырылған әскери қызметшілерге, әскери жиындардан өту кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге мәйітті тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, қабір ескерткішін дайындауға және орнатуға немесе әскери қызмет міндеттерін атқару нәтижесінде алған мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған адамдарға шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы қаулысының жобасын әзірледі

Құжат қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігінде 2023 жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарын орындау үшін дайындалып отыр.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында ағымдағы жылдың 8 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14813625