
Қорғаныс министрлігі "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын әзірледі.
Нормативтік құқықтық акт "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 32-бабына сәйкес дайындалып отыр.
Қаулы жобасында 2024 жылы әскери қызметке шақыруға жоспарланатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ құрамында запастағы офицерлерді шақыру жоспарланатын мемлекеттік органдардың атаулары қамтылған.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында ағымдағы жылдың 6 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14810996