
Траншеяларды бөгде адамдардың, автокөліктің немесе жануарлардың енуіне жол бермеу үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери полигондарының периметрі бойынша жабдықтайды.
Қазіргі уақытта барлық оқу-жаттығу полигондарында аумақты жарылыс қаупі бар заттардан жаппай тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жоспарлы оқу сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оны жылына екі рет және ірі ауқымды оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін өткізеді.
Полигондар аумағын бөгде адамдардың, автокөлікпен немесе жануарлармен рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында шекаралар аумақтың периметрі бойынша ені екі метр, тереңдігі кемінде бір жарым метр траншеялармен көміледі. Бір-бірінен 200 метрден аспайтын қашықтықта топырақ төселген жота бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жазулары бар ескерту белгілері орнатылады.
Оқу полигондары мен оқу орталықтары шекараларының жиынтық ұзындығы – 900 километрден астам.
Траншеяларды салу және жабдықтау үшін ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің инженерлік бөлімшелері тартылады.
Әскери инженерлердің қару-жарағында қажетті арнайы техника бар. Атап айтқанда ор қазатын машиналары, шұңқырларды жыртуға арналған машиналар және экскаваторлар.