Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін әскери қызметшілерді іріктеу қағидалары жаңартылуда

Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін әскери қызметшілерді іріктеу қағидалары жаңартылуда

Әскери білім және ғылым департаменті «Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрық жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Редакциялық түзетулер қағидаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру, қайталама нормаларды болдырмау және әскери қызметшілерді іріктеу сапасын арттыру мақсатында енгізіледі.

Жобаның толық мәтінімен «Электоралдық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14804544