
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрық жобасын дайындады.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және аяқтағаны туралы белгісін бекіту туралы» 2014 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығына, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
№ 112 бұйрықтың тақырыбындағы және жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тармақтарындағы оқу орнының атауынан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы» деген сөздер алынып тасталды.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 28 қарашасына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14800902