Ақпараттық бөлімшелерді техникалық жабдықтау нормалары өзгертілді

Ақпараттық бөлімшелерді техникалық жабдықтау нормалары өзгертілді

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері баспаханаларын техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, полиграфиялық жабдықтар жиынтықтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 679 бұйрығына өзгерістер әзірленді. 

Бұрынғы жабдықтау нормалары сол сәттегі Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер баспасөз қызметтерінің бекітілген штаттық құрылымын, сондай-ақ 2015 жылғы телеөнім стандарттарын және телекоммуникациялық жабдықтың даму деңгейін ескере отырып әзірленді.

Алайда қазіргі таңдағы телекоммуникациялық технологиялардың, медиаконтенттің цифрлық форматтарының, оны құру, өңдеу, сақтау және ақпарат беру жөніндегі жұмыс әдістерінің дамуы, техникалық жаңартуды талап етеді.

ҚР Қорғаныс министрлігінде құрылған Медиа-орталықтың, оның гарнизондық филиалдарын және әскери жоғары оқу орындарының баспасөз қызметтерін техникалық құралдармен жабдықтау нормаларын жүзеге асыру Қарулы Күштердің қызметінде  ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру сапасын арттыра түседі.