Күн тәртібінде – әскери медицина

Күн тәртібінде – әскери медицина

Қорғаныс министрлігінің Алматыдағы әскери клиникалық госпиталінде қазіргі заманғы әскери медицина мәселелері талқыланған ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталған шараға бөлімдер мен жоғары әскери оқу орындары медициналық қызметтерінің бастықтары, гарнизондағы медициналық мекемелердің өкілдері, әскери клиникалық госпитальдің жетекші мамандары, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты.

Конференцияда Алматы өңірлік гарнизонының ағымдағы кезеңдегі медициналық қызметінің қорытындысы шығарылып, қолда бар әлеуетті ескере отырып, оны жетілдіру жолдары белгіленді.

– Мұндай іс-шаралар өз тәжірибеміз бен қол жеткен ғылыми жетістіктерімізді алмасуға, түрлі ауруларды диагностикалауға, емдеу мен алдын алуға ғылыми негізделген дәлелді тәсілдерді әзірлеуге ықпал етеді, – деді әскери клиникалық госпитальдің жетекші терапевті медицина қызметінің майоры Болат Тасыбаев.

Конференцияға қатысушылар медициналық мекемелерді қамтамасыз ету, әскери медицинаны цифрландыру, әскерлердегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру және ауруларды диагностикалау мәселелерін талқылады. 

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.