Азық-түлік қызметінің техникасын ұстау және пайдалану ережелері нақтыланды

Азық-түлік қызметінің техникасын ұстау және пайдалану ережелері нақтыланды

Қорғаныс министрлігімен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметі техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірленді.

Бұйрық жобасы Қазақстан Қарулы Күштерінде азық-түлік қызметінің техникасын ұстау және пайдалану ережелерін нақтылайды.

Құжатпен Қарулы Күштер бөлімшелерін техникамен жасақтау кезінде техниканы ұстау, азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібі, сондай-ақ техниканы жарамсыз ету тәртібі регламенттелді.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Толық мәтінмен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz