Қорғаныс министрінің орынбасары Иран елшісімен хаттамалық кездесу өткізді

Қорғаныс министрінің орынбасары Иран елшісімен хаттамалық кездесу өткізді

Қорғаныс министрлігінде қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Акбар Джокармен хаттамалық кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың, сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасты.