Қорғаныс министрлігінің Жоғары оқу орындарында білім беру қызметтерінің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда

Қорғаныс министрлігінің Жоғары оқу орындарында білім беру қызметтерінің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда

Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментімен Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселелерін реттейтін бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырылды.

Бұл ҚР Қорғаныс министрлігінің Жоғары оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Өзгерістер мен толықтырулар қорғаныс министрінің келесі бұйрықтарға енгізіледі:

  • «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығы;

  • - «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығы;

- «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 36 бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығы;

- «қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15646 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған) 2017 жылғы 29 шілдедегі № 398 бұйрығы;
- «Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығы;

- «Қорғаныс зерттеулерін қаржыландыру ережесін бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы № 403 бұйрығы.