
Қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университеті «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
Аталған өзгерістер «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның жойылуына байланысты қабылданады.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 13 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14768640 сілтеме арқылы танысуға болады.