Әскери лектерге ілесіп жүруді ұйымдастыру қағидасына өзгерістер енгізіледі

Әскери лектерге ілесіп жүруді ұйымдастыру қағидасына өзгерістер енгізіледі

Әскери полиция бас басқармасымен қорғаныс министрінің «Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 шілдедегі № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленуде. 

Қағида, «Жауапкершілік аймағы» түсінігімен толықтырылып, сондай-ақ мәтінде «Астана қаласы», «Нұр-Сұлтан қаласы» атауымен өзгертіледі.

Әскери көлік құралдарының, әскери лектердің, сонымен қатар қару-жарақ, оқ-дәрі, қауіпті және аса габариттік жүктерді тасымалдайтын жалғыз басты автомобильдердің қозғалысы кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету әскери полиция арнайы автомобильдерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылады. Әскери полиция органдарымен әскери лектер мен жалғыз басты разрядтық жүк тасымалдайтын автомобильдерге жыл сайын 6 мыңнан астам ілесіп жүрулер жүзеге асырылады.