Салтанатты шара ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті. Онда 2023 жылғы жауынгерлік дайындық қорытындылары шығарылды.
Жауынгерлік және жұмылдыру дайындығына, жауынгерлік кезекшілікті, әскери тәртіпті ұйымдастыруға, әскерлер қызметі мен диверсияға қарсы қауіпсіздік шараларына, қару-жарақ пен әскери техниканың, тыл мен материалдық қорлардың жай-күйіне талдау жүргізілді.
– Білімі, дағдылары мен машықтарын, бөлімшелер мен басқару органдарының үйлесімділік дәрежесін кешенді тексеру жауынгерлік дайындықтың жақсы деңгейін көрсетті. Сіздерді осы нәтижелеріңізбен құттықтаймын. Бұл армияның жауынгерлік күші қалыптасатын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан жеке үлестеріңіз, – деп атап өтті 68665 әскери бөлімінің командирі подполковник Абай Әлібеков.
Есепті кезеңде бөлімшелердің 69, взводтардың 20 жауынгерлік атысы, 6 роталық-тактикалық жаттығу, батареялардың 4 тактикалық жаттығуы, 2 батальондық тактикалық жаттығулар өткізілді.
Жауынгерлік дайындық барысында қол жеткізген жетістіктері үшін әскери бөлімшелер мен әскери қызметшілер ауыспалы кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.