
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамы Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.
Біз осынау орны толмас ауыр қайғыны сіздермен бірге бөлісіп, сіздермен бірге қайғырамыз.