Індетті жұқтыруға жол берген әскери қызметшілерді қызметінен шеттетеді

Індетті жұқтыруға жол берген әскери қызметшілерді қызметінен шеттетеді

Қарулы Күштерде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің бірінде орын алған әскери қызметшілердің ауруының фактісі бойынша тергеу аяқталды.

Тергеу барысында Тараз гарнизонының 10-нан астам әскери қызметшілерінің жаппай ауруға шалдығуына әкеп соқтырған бұзушылықтар анықталды. Оған бөлімнің басшылығы мен медициналық қызмет тарапынан алдын-алу шаралары толыққанды ұйымдастырылмағандықтан және бақылаудың жоқтығы себеп болды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығымен жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданды. Әскери бөлім және медициналық қызмет қолбасшылығы, сондай-ақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерін тылдық қамтамасыз етумен айналысатын бірқатар офицерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Әскери басшылықпен Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде қосымша шаралар қабылдауды, алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу үшін олардың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.