Қорғаныс министрлігі жарияланған ашық деректердің тізбесін жаңартты

Қорғаныс министрлігі жарияланған ашық деректердің тізбесін жаңартты

«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгерістер əзірленді.

Тізімдеме жаңа редакцияда жазылған және оған мыналар кіреді:

- Қорғаныс министрлігі басшылығының атына азаматтардың өтініштері бойынша статистикалық мәліметтер және қабылдау кестесі;

- Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік қызметшілердің бос орындары туралы ақпарат және бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың қорытындысы;

- запастағы офицерлерді келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау, жоғары оқу орындарының әскери кафедралары түлектеріне алғашқы офицерлік әскери атақ беру тәртібі;

- ведомстволық медальдардың тізімі және олар туралы ережелер;

- әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік, әскери қызметшілер үшін демалыс беруге құқық беретін қызмет орындары тізбесі;

- Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштердің Бас штабының, әскер түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының басшылығы туралы ақпарат;

- әскери оқу орындары туралы ақпараттық материалдар мен мәліметтер;

- Қарулы Күштердің бітімгершілік қызметі туралы ақпарат;

- әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер үшін патриоттық тәрбие, мәдени-демалыс іс-шаралары бойынша іс-шаралар тізбесі;

- қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер туралы ақпарат;

- әскери-техникалық мектеп филиалдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша ақылы негізде әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді даярлау жоспары;

- Қорғаныс министрлігі ұсынатын мемлекеттік қызметтер тізбесі және олар бойынша статистикалық мәліметтер;

- әскери қызметшілерді медициналық, заттай, азық-түліктік, зейнетақымен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, еркін тұрғын үй қоры, мемлекет есебінен жол жүру құқығы туралы ақпарат;

- Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі.