Запасқа шығарылған азаматтарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі ережеге өзгерістер енгізіледі

Запасқа шығарылған азаматтарды әлеуметтік бейімдеуді  ұйымдастыру жөніндегі ережеге өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі қорғаныс ведомствосы басшысының Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 834 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының жобасын дайындады.

Бұйрықтың жобасымен әскери қызметтен шығарылатын адамдарға әскери оқу орындарында қайта даярлау жүргізілетін азаматтық мамандықтар тізбесін беру туралы тармақ қағидалардан алынып тасталады.

Сондай-ақ, әскери қызметтен босатылған азаматтарды елдің жоғары әскери оқу орындарына қайта даярлау курстарына жіберу туралы тармақ та алынып тасталды.

Өзгерістер әскери жоғары оқу орындарында азаматтық мамандықтар бойынша оқыту жүргізілмеуіне байланысты ұйымдастырылып отыр.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде ағымдағы жылдың 26 қазанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14747292