Қорғаныс министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілуде

Қорғаныс министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілуде

Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысының жобасына өзгерістер дайындады.

Қорғаныс министрлігі туралы ереже Үкіметтің қаулысымен бекітіледі. Бұл өзгерістер құқықтық олқылықтарды жою және рәсімдерді бюрократизациядан арылту мақсатында енгізіледі. 

Нормативтік құқықтық актіні іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық зардаптарға әкеп соқпайды және қосымша қаржы қаражатын талап етпейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 26 қазанына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14747201 сілтеме арқылы танысуға болады.