
«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімдердің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларын бекіту туралы «Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 27 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 «ҚР Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес қорғаныс өнеркәсібі саласындағы функциялар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.
Осылайша, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын әскери немесе қосарланған мақсаттағы қазіргі заманғы тауарлармен (өніммен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз ету жоғарыда аталған ведомствоның міндеті болды. Бұл ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысының «ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 15-тармағының 17-2) тармақшасында қарастырылған.