
Астанада 55765 әскери бөлімінің қолбасшылығы «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қарт адамдарға арналған қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Елордалық «Шарапат» мекемесі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, оларға теңестірілген адамдарға, тыл еңбеккерлеріне және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық жасап келеді.
Әскери қызметшілер үшін мұндай іс-шаралар дәстүрге айналды.
– Біз «Шарапат» орталығындағы қарттардың бәріне көңіл бөліп, қамқорлық жасауға тырысамыз. Бұл мекемеде Ұлы Отан соғысының ардагері фельдъегер Раиса Егоровна Сафоничева тұрады. Биыл ол 98 жасқа толды, – деп түсіндірді 55765 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Қуаныш Хасенов.
Концерт бағдарламасында кеңес және қазақ композиторларының шығармалары шырқалды.