
Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің арасынан он тыңдаушы француз тілін үйрену курсын игеруге кірісті.
Курс Францияның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Оны Алматы қаласындағы "Француз Альянсы" мәдени-білім беру орталығының оқытушылары жүргізеді.
– Келесі жылы бұл курсты жалғастырып, тыңдаушылардың тілді меңгеруін В1 деңгейіне дейін көтеруді жоспарлап отырмыз, – деп нақтылады орталықтың тілдік дайындық басқармасының аға офицері майор Эдуард Хе. – Курсты игеру қазақстандық әскери қызметшілерге жергілікті халқының негізгі қарым-қатынас тілі француз тілі болып табылатын Африка елдеріндегі бітімгерлік миссияларға қатысуға мүмкіндік береді.
Үш айлық қарқынды курсты аяқтаған соң әскери қызметшілер француз тілін A1-A2 базалық деңгейінде меңгеруі керек.