Ракета әскерлері мен артиллерия кәсіби мерекесін атап өтуде

Ракета әскерлері мен артиллерия кәсіби мерекесін атап өтуде

Астананың Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Қарулы күштері Зымыран әскерлері мен артиллериясының құрылған күніне орай салтанатты шара өтті.

Оған Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштер түрлері бас басқармаларының, әскер тектерінің өкілдері және ардагерлер қатысты.

Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов әскери қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Олардың кәсіби шеберлігі, өз істеріне жауапкершілікпен қарауы және әскери борышына адалдығы үшін ризашылығын білдірді.

– Қазіргі жауынгер мен қарулы қақтығыстардың ерекшеліктеріне сай Зымыран әскерлері мен артиллерия Құрлық әскерлерінің құрамдас бөлігі ретінде қарқынды дамуын жалғастырып келеді. Артиллеристердің халықаралық армия ойындарындағы ұдайы жеңістері және көптеген жаттығулардағы, оның ішінде халықаралық ауқымдағы жоғары көрсеткіштері олардың күш-қуатының дәлелі. Сендердің біліктіліктерің мен қабілеттерің осы әскердің жауынгердің даңқты дәстүрін одан әрі жетілдіруге арқау боларына сенімдімін, – деп атап өтті ол.

Ракета әскерлері мен артиллерияның жауынгерлік күшінің негізін тактикалық зымырандар құрамалары, гаубицалық, зеңбіректі, реактивті және танкке қарсы артиллерияның бөлімдері, артиллериялық барлау, мина атқыштар және танкке қарсы бөлімшелер құрайды.

Жауынгер-артиллерист мамандығы батылдықты, ісіне шын берілуді, сондай-ақ атыс тапсырмаларын орындау кезінде бөлімшелерді басқарудың арнайы білімі мен дағдыларын, нысананың нақты координаттарын анықтауды және артиллериялық қаруын баптауды талап етеді. 

Кәсіби мерекеге орай бірқатар әскери қызметшілер Қорғаныс министрінің атынан құрмет грамоталарымен марапатталды. Шара соңы Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы дайындаған концертпен аяқталды.