Гауптвахтада әкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларына өзгеріс енгізіледі

Гауптвахтада әкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларына өзгеріс енгізіледі

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Мемлекет басшысының 2023 жылғы 23 тамыздағы Жарлығымен «айдауыл» терминін «ауысым бастығына» ауыстыруға байланысты қорғаныс басшысының бұйрығына өзгеріс енгізіледі.

Әскери полиция бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық акт әскери қызметшілердің ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының гауптвахталарында әкімшілік қамаққа алуды өтеу тәртібін айқындайды. Гауптвахталардың қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен, Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және халықаралық актілермен регламенттеледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 18 қыркүйегіне дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14695611