
Әскери полиция бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшілерді (әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 354 бұйрығына өзгеріс дайындады.
Өзгеріс «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі
№ 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Мемлекет басшысының 2023 жылғы 23 тамыздағы Жарлығында «қарауыл» термині «ауысым бастығы» деген сөзбен ауыстырылғанына байланысты жасалып отыр.
Қарулы күштер гауптвахталарының қызметі ұлттық заңнама талаптарымен, қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрықтарымен және халықаралық актілермен реттеледі. Қағидалар әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшілерді айдауылмен алып жүру тәртібін айқындайды.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 18 қыркүйегіне дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14695584