Гауптвахтадағы ішкі тәртіп және онда сотталғандарды ұстау ережелері жаңартылады

Гауптвахтадағы ішкі тәртіп және онда сотталғандарды ұстау ережелері жаңартылады

2023 жылғы жиырма үшінші тамызда «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» нормативтік құқықтық акт қабылданды.

Мұндағы «қарауыл» термині «ауысым бастығы» болып өзгертілді. Осыған байланысты Әскери полиция бас басқармасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 318 «Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіп және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс дайындады.

Осы ереже гауптвахтадағы ішкі тәртіп және онда сотталғандарды ұстау тәртібін айқындайды. Гауптвахталардың негізгі міндеті оларға қатысты «қамауға алу» түріндегі шараға сәйкес әскери қызметшілерді ұстау болып табылады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 18 қыркүйегіне дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14695576 сілтеме бойынша танысуға болады.