Қорғаныс министрінің орынбасары Қызыл Крест өкілімен кездесті

Қорғаныс министрінің орынбасары Қызыл Крест өкілімен кездесті

Қорғаныс министрлігіне Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевич ханым жұмыс сапарымен келді. 

Гуманитарлық ұйым өкілін Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қабылдады.

Тараптар екіжақты және өңірлік форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективалары мәселелерін талқылады.